09.11.2022 ж. 5108 ЖМ студенттерімен кураторлық сағат өткізілді: Абай облысының «Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайына» бару. Ұйымдастырушы: “Психиатрия және наркология” кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А. А.
Мақсаты-студенттерді негізгі бағыттармен, классикалық бейнелеу өнерінің алтын қорымен таныстыру. Невзоровтар отбасының көп қырлы, шығармашылық мұрасының маңыздылығын түсіндіру.
Абай облысының “Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайы” Қазақстандағы ең ірі көркемдік құндылықтардың бірі болып табылады. Мұражай қорында 3600-ден астам өнер туындылары бар. Мұражай экспозициясында XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс өнерінің даму жолдары көрсетілген; Қазақстанның бейнелеу өнері бөлімі (мыңнан астам экспонат) отандық көркем мәдениеттің ең жарқын және ерекше өкілдерімен ұсынылған,1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ю. В. Невзоров Үкіметтік награда – “Парасат” орденімен марапатталды.
Невзоровтар отбасы Семей қаласына баға жетпес сыйлық жасады. Олардың еңбегі Қазақстандық өнер сүйер қауым арасында таратылуы тиіс. Жастарымыздың рухани және таза ойларын тамаша мысалдармен тәрбиелеу.
5 курс студенттері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жаңа білім алды.