2022 жылдың 14 қарашасында «Психиатрия және наркология» кафедрасында темекі шегумен, алкоголизммен және нашақорлықпен күресуге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара «Темекі шегудің, алкоголизмнің, нашақорлықтың алдын алу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру» үшін бағытталған. Ұйымдастырушылар: «Психиатрия және наркология» кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Молдағалиев Т. М., кафедра ассистенті Алмағамбетова А. А., куратор: симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының ассистенті Мусабекова Н. Е., куратор: қалыпты физиология кафедрасының ассистенті Шакабаева А. А. Қатысушылар: 3,5 курс ОМ кураторлық 5108, 3613, 3612 топтары, 3640 шетел тобы.
Семей медицина университетінің 3,5 курс студенттеріне арналған құттықтау сөзімен психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Молдағалиев Т. М., Алмағамбетова А. А. бастады. Олар өз сөздерінде денсаулыққа зиянды факторларды атап өтті: темекі шегу, алкоголизм және нашақорлық. Студенттердің назарына 5108 тобының студенті Ақбота Жанай никотин, алкоголь, нашақорлықтың клиникалық көрінісі мен салдары көрсетілген презентация ұсынылды. Қазіргі таңда көптеген жаңа наркотикалық заттар пайда болған. Зиянды әдеттермен күресу жолдары айтылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу соңында студенттер білім алғандарын, үлкен позитивті эмоциялар алғанын, шынайы әңгімелер және презентация ұнағанын атап өтті. Бұл кездесу студенттердің өздеріне деген сенімділігін арттырып, өз ойын жеткізуге көмектесті.