2023 жылға арналған жоспарға сәйкес түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімі мен “СМУ” КеАҚ кафедраларының жауаптылары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында қаланың барлық мектептері қамтылды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізер алдында нұсқаулық өткізіліп, кафедра бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауаптылардың барлығы үлестірме материалдармен және жолдамалармен қамтамасыз етілді. Жұмыс нәтижелері бойынша есептер қабылданды. Түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімі барлық кафедраларға жәрдемдескені және нәтижелі жұмыс істегені үшін алғыс білдіреді.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу