2022 жылдың 21 қазан күнгі «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, Педагогика және психология кафедрасының 60 жылдығына, сондай-ақ профессор К. К. Кенжеғалиевті еске алуға арналған «Қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері: әдіснамасы, тәжірибесі және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға КеАҚ «Семей медицина университетінің» Жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Кадирсизова Шынар Болатбекқызының жетекшілігімен жалпы медицина мамандығының 1 курс студенті Болатқанова Балжан Шоқанқызы қатысты.
Талқылауға білім беру ортасында теория мен тәжірибенің жан-жақтылығын ашатын бағыттардың кең спектрі ұсынылған психологиялық-педагогикалық зерттеулердің өзекті тенденциялары бағыты бойынша дайындалған баяндама қорытындысы бойынша Болатқанова Балжан Шоқанқызы І дәрежелі диплом жеңімпазы деп танылып, ғылыми жетекшісі Кадирсизова Шынар Болатбекқызына атаулы конференция қатысушысын белсенді дайындағаны үшін арнайы алғыс хат табысталды.
Жеңімпаздарымызды атаулы жеңісімен құттықтай отырып, өз салаңыздың мықты мамандары атанып еліміздің көркеюіне үлестеріңізді қосып, алдағы уақытта да білім ордамыздың мерейін асқақтатып, алған білімнің жемісі мен жеңісін көрсете беріңіздер демекпіз!