Электронды шылымның зияны туралы

Электронды шылымның зияны туралы

2022 жылдың 14-нен 21 қараша аралығында «Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасының қызметкерлері №1 студенттер үйінде кезекшілік өткізіп, студенттер тұратын бөлмелерді аралап, жатақхананың тұрмыс жағдайларымен танысты. Студенттерге жатақханада тұруларына жақсы жағдайлар жасалған: бөлмелері жылы, таза, тұрмыстық бөлмелері электр пештерімен, тоңазытқыштармен, микроволновкалармен, кір жуғыш машиналармен жабдықталған, ыстық, суық сулары бар. Әр этажда жуынатын бөлмелері бар. Студенттер тарапынан университеттің әкімдігіне шағымдары жоқ. Кафедраның қызметкерлері жатақхананы аралау кезінде студенттерді толғандыратын өзекті мәселелер туралы, соның ішінде жастардың заманауи әуесі – вайптар туралы әңгімелер жүргізді. Әңгіме барысында кафедраның оқытушылары студенттер қойған барлық сұрақтарына жауап берді. Медик-студенттердің барлығы никотиннің жағымсыз әсерлерін білетіні – қуантарлық жағдай. Студенттердің басым көпшілігі шылым шекпейді, салауатты өмір салтын ұстанып, белсенді түрде спортпен шұғылданады.

 

«Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Селгазина М. Б.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір