“Вирустық гепатиттер: эпидемиология, диагностика және емдеудің заманауи мүмкіндіктері” семинары

“Вирустық гепатиттер: эпидемиология, диагностика және емдеудің заманауи мүмкіндіктері” семинары

ДДҰ ұйғарымы бойынша В және С гепатитімен бүкіл әлемде шамамен 325 миллион адам ауырады деп есептейді. ДДҰ-ның ұйымға қатысушы барлық мемлекеттер мақұлдаған гепатитке қарсы күрес жөніндегі жаһандық стратегиясының мақсаты 2016-2030 жылдар аралығында инфекцияның жаңа жағдайларының санын 90%-ға және өлім-жітімді 65%-ға қысқарту.

2022 жылғы 22 қарашада Семей қаласының №3 КДП-да “Бауырдың диффузды аурулары: эпидемиология, диагностика және емдеудің заманауи мүмкіндіктері” тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Семей қаласының №3 КДП медицина қызметкерлері қатысты. ЖТД 603 тобының интерндері әлемдегі вирустық гепатиттердің эпидемиологиясын баяндады, диагностика мәселелерін және осы ауруларды емдеу бойынша жаңа деректерді жариялады. Вирустық гепатиттерді диагностикалаудың соңғы әдістеріне және Созылмалы гепатит С және Созылмалы гепатит В терапия режимдерін таңдауға қатысты мәселелер басты назарда болды.

 

Смаил Е. М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар