2022 жылдың 25 қарашасында «Семей медицина университетінде» КеАҚ «Медицина ғылымы мен денсаулық сақтаудағы жас ғалымдардың заманауи жетістіктері» атты Халықаралық қатысумен жыл сайынғы жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Өткізілген конференцияны «Семей медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырды.
Конференция мақсаты – заманауи медицина және денсаулық сақтау саласындағы жас ғалымдардың тәжірибесімен, ғылыми білімімен алмасуы. Конференцияға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Алтай мемлекеттік медицина Университеті», «Ташкент медицина академиясы», А. Н. Сызғанов атындағы «Ұлттық хирургия ғылыми орталығы», Алматы қ. ЦОГиШ КазНИИОиР жас ғалымдары қатысып, ғылыми жұмыс нәтижелерімен бөлісті.
Конференция жұмысының негізгі нысандары: пленарлық отырыс, 3 секцияның жұмысы және 57 баяндама жасалған постерлік баяндамалар болды.
Жұмыс келесі секциялар бойынша жүргізілетін болады:
- Бүгінгі және ертеңгі заманауи хирургия
- Заманауи клиникалық медицинаның өзекті мәселелері
- Денсаулық сақтау ұйымы. Гигиена және экология – қоғамдық денсаулықтың негізі
- Постерлік баяндама