“Семей медицина университеті” КеАҚ мейірбике ісі кафедрасының ұйымдастыруымен, 2022 жылы, қараша айының 23-күні «Мультидисциплинарлық топтың жұмысындағы кеңейтілген тәжірибе медбикесінің рөлі» тақырыбында қалалық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – мейірбике ісі саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бастама жасау.
Бастапқы сөз, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры – Дюсупов Алтай Ахметқалиұлына беріліп, төменде көрсетілген тізімдегі жұмыс орындарымен меморандумға қол қойылды:
- ШҚО ДСБ “Семей қаласының №7 емханасы” ШЖҚ КМК;
- ШҚО ДСБ “Семей қаласының №12 Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы” КМҚК;
- АҚ ДСБ “Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” ШЖҚ КМК”;
- «Аралас үлгідегі №6 емхана» медициналық мекемесі;
- “Авиценна жоғары медициналық колледжі” білім беру мекемесі;
- “Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ КМК;
- “Семей медициналық колледжі” мекемесі.
Бағдарлама жоспары бойынша баяндамалар оқылып, талқыланды. Іс-шара барысында стационарлар мен БМСК деңгейінде халыққа «Мейіргерлік көмек көрсету және ұйымдастыру мәселелері» бойынша пікір алмастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылау үшін өз сұрақтарын ұсына алды. Дөңгелек үстел жұмысына медициналық ұйым басшылары, медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, аға және бас медбикелер, медбикелер қауымдастығының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел соңында, «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасының клиникалық және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі орынбасары – Думан Берікұлы қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларды арнайы сертификаттармен марапаттады.
Ұйымдастырылып өткізілген дөңгелек үстел өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді.