17 қарашада Халықаралық шала туылған нәресте күні атап өтіледі. Оның негізгі міндеттері келесідей: адамдардың осы мәселе туралы хабардарлығын арттыру; шала туылуға әкелетін негізгі себептер; осындай баласы бар отбасылардың мәселелері және оларды шешу жолдары; шала туылған балалар мен олардың отбасыларына көмектесетін жеке адамдар, мамандар мен қайырымдылық ұйымдары туралы.
“Неврология, офтальмология және оториноларингология” кафедрасының қызметкерлері кураторлық топтармен бірлесіп, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, осы мәселе туралы хабардарлықты арттыруға өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, “Семей қаласының 28 петель” және “Курчатов қаласының Нити добра” өңірлік қорлары жаңа туған балаларға арналған жиынтықтарды тоқу үшін иірілген жіп сатып алып, материалдық қайырымдылық жасады. Осы және осыған ұқсас қорлардың қызметінің маңыздылығы-түбіттен жасалған заттар нәрестенің жылуын сақтауға, жүйке жүйесін тітіркендіруге, рефлекторлық массаж жасауға және баланың тыныс алу орталығын ынталандыруға көмектесетіндігі. Тоқылған ойыншықтар, көбінесе сегізаяқтар, баланы тыныштандыруға және оның психологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді, өйткені сегізаяқтың жекелеген аяқтары ананың кіндігіне ұқсайды және ол ойыншықтан ананың иісін сезеді.
Осы ұйымдардың қызметі және оларға көмектесу мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан табуға болады (@club28petel_semey, @niti_dobra_kurchatov). Шала туылған баласы бар отбасылардың мәселелері туралы пайдалы ақпаратты “Право на чудо” қорының парақшалары мен арналарынан таба аласыз. Семей қаласында осындай балалар мен олардың отбасыларына күтім жасау, емдеу, оңалту және кеңес беру бойынша “Семей қаласының перинаталдық орталығы” және “Семей қаласының Қамқоршылық оңалту орталығының” қызметкерлері орасан зор қызмет көрсетеді.