2022 жылдың 29 қарашасында «Семей медицина университеті» КЕАҚ базасында екі жас ғалымымыз Рахимова Идалия Рафаиловна «Жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастарда ишемиялық инсульттің алдын алуды оңтайландыру» тақырыбында және Сексенбаев Нұрсұлтан Жақсылықұлы «Адамның тәуелді мінез-құлқы (химиялық емес тәуелділіктер) құрылымының клиникалық-психопатологиялық аспектісі суицидтік тәуекелдің қалыптасуының болжаушысы ретінде» тақырыбында, философия докторы (PhD) дәрежесіне диссертация қорғады.
«Семей медицина университеті» КеАҚ Медицина және денсаулық сақтау мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестер негізінде 2022 жылы 16 жас ғалым философия докторы (PhD) дәрежесіне диссертация қорғады, 2020 және 2021 жылдармен салыстырғанда 2 есе өсті.
2022 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы PhD докторантурасын 5 докторант бітірді, барлығы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғаудан өтті.