2022 жылдың 23-24 қараша күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі мемлекеттері ұйымы Түркі университеттері одағының VІ Бас Ассамблеясы өтті.
Бас Ассамблеяға мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттерден, атап айтқанда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Венгриядан 49 университет ректорлары, проректорлар, жоғары лауазымды тұлғалар мен өкілдері қатысты. Жиын Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаманның, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің төрағасы Мухиттин Шимшектің, университет ректоры Жанар Темірбекованың және ректор өкілі Женгиз Томардың құттықтау сөзімен басталды.
Бас ассамблеяда Қожа Ахмет Ясауи халықаралық түрік-қазақ университетінің кезекті төрағалығы кезінде атқарған жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, «Орхон үдерісі» бағдарламасы,, Студенттер кеңесінің жұмыстары, 2023-2024 кезеңінің жол картасы және тағы басқа мәселелер қаралды. Басқосуда Түркі университеттері одағына мүше елдерден жаңа университеттерді қабылдау мәселесі де талқыланды. Нәтижесінде, Ассамблеяда Түркі университеттері одағына жаңадан Қазақстаннан – 7, Түркиядан – 7, Өзбекстаннан – 1 жоғары оқу орны мүшелікке қабылданды.Кезекті төрағалық Әзербайжан Баку университетіне тапсырылды.