17 қараша-мерзімінен бұрын туған балалардың халықаралық күні! Осы мереке қарсаңында бүгін Семей қ. Перинаталды орталықта балаларға арнап мерекелік шара өткізілді. Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасы да мерекенің өтуіне үлес қосты. Шараға резидент неонатологтар белсене қатысты. Таңертең бөлімде емделуде жатқан мерзімінен бұрын туған нәрестелерді құттықтап, сыйлықтар сыйлады. 28 ілмек еріктілер клубы сыйлаған таза жүннен тоқылған тоқыма киімдерді сәбилерге үлестіріп, тілектерін айтты. Сағат 13:00-17:00 аралығында «Qamqorlyq» реабилитациялық орталығында Ашық есік күнін өткізуге атсалысты. Жеке мамандар қарауы, мерекелік шаралар, фуршет жасалған. Кішкентай бүлдіршіндер де өз өнерлерін көрсетіп, залды қуанышқа бөледі.
Рубрикалар: Қоғамдық өмір, Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу