2022 жылдың 1 желтоқсанында Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының ЖМКС «Венера» базасында кафедра ассистенті Қапанова А. А. басшылығымен 601-топ интерн-педиатрларымен және ЖТД 705-топтары мен тәжірибелік дәрігерлер, медициналық қызметкерлер арасында Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күніне арналған семинар өтті.
Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күні болып халықаралық БҰҰ-ң ұйғаруымен 1 желтоқсан күні бекітілді. Ең алғаш рет БӘДСҰ-да 1988 жылы, ал ЮНЭЙДС бойынша 1996 жылдан бері аталып өтуде. Бұл күн ЖИТС-ң алдын алу таралуы, эпидемиологиясы мен осы аурудың құрбандарын еске алуға арналған. Инфицирленген жандарға қолдау көрсету, ЖИТС-сіз жарқын болашаққа деген сеніммен ЖИТС-пен күресу күнінің символы болып қызыл лента алынды.
Интерндер мен медициналық қызметкерлер АИВ және ЖИТС-ң жұғу жолдары, диагностикасы, алдын алу және ҚР эпидемиологиялық жағдаймен танысты. Әр түрлі сұрақтар қойылып, қызу талқыланды және де қойылған барлық сұрақтарға жауап алынды.