30 қараша 2022 жылы Д. М. Тусупов атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында Әлімбаева Ә.Р жетекшілігімен 703 және 704 топ интерндар арасында “Реабилитация” циклі бойынша олиипиада өткізілді. Олимпиада барысында педиатрия кафедрасының ассистенті Ахметжанова Д.О сөз берілді. Олимпиада мақсаты 7 курс интерндерінен “Реабилитация” циклі кезеңінде алған білімдерін тиянақтау және қорытындылау. Олимпиада 3 кезеңде өтті: 1 кезең – тестілеу; 2 кезең – өзіндік ойын; 3 кезең – практикалық дағдылар. Студенттер теориялық және практикалық бөлімде өздерін жақсы жағынан көрсетті.
Қорытындылай келе, құттықтау сөз сөйлеген кафедра меңгерушісі А.Р.Алимбаева. Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан интерндерге және резиденттерге алғысын білдірді. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.Ұймдастырушылар:
Физикалық медицина және реабилитация 1 курс резиденттері: Ошақбаева А. Д., Иманова А. К.