«Алкоголь ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді» атты тәрбие сағаты

«Алкоголь ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді» атты тәрбие сағаты

30-қараша күні А. А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті Саркучикова Г. Ж. ұйымдастыруымен медицина мектебінің 4416 топ студенттерімен «Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді» атты маскүнемдікке, нашақорлыққа, темекі шегуге қарсы және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты жүргізу барысында студенттер жаман әдеттердің зиянды жақтарын, оның салдарын талқылап, алдын алу жолдарын қарастырды. Студенттер салауатты өмір салтын ұстанудың адам денсаулығы үшін маңызды тұстары жайлы ақпарат алып, өз ойларымен бөлісті. Отырыс кезінде оқытушыға қызықтырған сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды. Бірінші байлық денсаулық екендігін ескеретін болсақ, салауатты өмір салтын ұстану – болашақта дені сау саналы ұрпақтың жетілуіне зор үлесін қоспақ.[/vc_column_text][vc_single_image image=”128882″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір