2022 жылдың 18 қарашасында Ақтөбе қаласы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65-жылдығына арналған және бейбітшілік пен даму үшін Бүкіләлемдік ғылым күнін мерекелеуге арналған «Инновация арқылы ғылымға қадам және тәжірибеге енгізу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Университетінің мерейтойын өткізу қарсаңында студенттерге конференцияға қатысуға, өз еңбектеріңіздің нәтижелерін көрсетуге және өз саласында әріптестеріңіздің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, конференцияға қатысу студенттің рейтингісін көтереді. Конференцияны ұйымдастырушылар: патологиялық физиология және гистология кафедралары.
Конференцияның мақсаты: Студенттерді қазіргі замануи ғылымның, жоғары білімнің интеграциясы және фундаментальды ғылымның өзекті міндеттерді шешуге тарту.
Біздің университеттен «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттері Каспиева Аружан Казиржанкызы және Аманкелдиева Айзере Шалқарқызы қатысты. Ғылыми жетекшілері: Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының PhD докторы, доцент м.а. Қозыкенова Жанна Укошқызы. Конференцияда студенттер баяндама жасап, ғылыми жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Конференция қорытындысында КеАҚ «СМУ» студенттері Каспиева Аружан мен Аманкелдиева Айзере 3-ші орынға иеленді. Ресми бөлімнен басқа біздің студенттерге түрлі мәдени бағдарлама ұсынылды.
«Инновация арқылы ғылымға қадам және тәжірибеге енгізу» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып, өткізгені үшін патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Жексенова Ажар Николаевна және гистология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Көмекбай Жанат Есқарақызына ерекше рахмет! Осы игі іске олардың әрқайсысы өз жанының бір бөлшегін салды! Конференцияда студенттердің ыстық ықыласы мен қызығушылықтары орнады!!!
Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.[/vc_column_text][vc_single_image img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]