Қазақстанда 2022 жылдың 1 қазанынан бастап эпидемиялық кезең басталғаннан бері 764 247 жағдайда жедел респираторлы вирусты аурулар (ЖРВИ) анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Роза Кожапова хабарлады.
ЖРВИ және грипп ең жиі кездесетін аурулар болып табылады, жыл бойы кездескенімен, ең көп байқалатын мерзімдері – ол күз және қыс айларында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде жылына 1 млрд-қа дейін ЖРВИ тіркеледі.
Тыныс алу жолдарының мұндай жиі зақымдануы келесілермен түсіндіріледі:
- ЖРВИ-дің этиологиялық факторларының әртүрлілігі (тыныс алу жолдарының инфекцияларының 200-ден астам қоздырғыштары бар),
- қоздырғыштардың берілу жылдамдығы мен жеңілдігі (ауа-тамшы жолы арқылы),
- олардың жоғары жұқпалылығы мен өзгергіштігі.
ЖРВИ балалық арасында аса жиі кездеседі. Олардың үлесі тұмаумен бірге балалардағы барлық аурушаңдықтың құрылымында кемінде 70% құрайды.
Мәселенің медициналық-әлеуметтік маңыздылығы жіті респираторлық вирустық инфекциялардың жоғары таралуымен, жоғары жұқпалылығымен, тұрғындарда аллергияның жоғарылауымен, мүмкін болатын ауыр асқынулармен анықталады. ЖРВИ-дің бір жағдайынан мемлекетке келтірілген экономикалық зиян 100-170 долларды, әрбір пациентке зияны 50-100 долларды құрайды (Баранов А. А. т.б.).
Осыларды ескерсек, елімізде балалар мен ересектер арасында жіті респираторлық инфекцияларды емдеуге және алдын алуға ерекше көңіл бөлінуі заңдылық.
Осы тақырыптың өзектілігін ескере отырып және медицина қызметкерлерінің айтылған тақырып бойынша ақпараттандырылуын арттыру мақсатында медицина ғылымдарының кандидаты, Семей қаласы НАО «МУС» «Жалпы тәжірибелік дәрігерлер» кафедрасының доцент м.а. Камашева Гулия Тулеутайқызы 29.11.2022 ж. ДСБ АО ШЖҚ МКК «Семей қаласының №4 емханасы» қызметкерлеріне «Балалар мен ересектердегі жіті респираторлық вирустық инфекцияларды және тұмауды емдеу және алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Дәріс қызықты өтті, барлық туындаған сұрақтарға жауап берілді.