2022 жылдың 1 желтоқсан күні Семей медицина университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен қазақ ақыны, драматург, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Рух пен Тіл» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге және адамгершілік, рухани қасиеттерді жастардың бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.
Alikhan Bokeikhan University аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ж.С. Секей, доцент м.а., п.ғ.к. М.Д. Жорокпаева, қауымдастырылған профессор м.а., PhD Ш.Б. Кадирсизова, магистр, оқытушы Н.Д. Аманбековалар ақынның өмірі мен шығармашылығы, достығы, рухани-адамгершілік құндылықтары туралы баяндамалар оқылып, студенттер арасында мәнді сұхбат жүргізілді.
Іс-шараға Семей медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы І.Ө. Кайрханова, жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы Г.Т. Уранхаева, кітапхана бас маманы Г.С. Кадирсизова, кафедра оқытушылары Б.А. Жорғатаева, Н.М Абешова, «Жалпы медицина» мамандығының 1215, 1217, 2117 топ студенттері, «Стоматология» мамандығының 1303 топ студенттері қатысты.
Ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Қазіргі заманғы жастар қай қоғамда да құны кемімейтін мейірімділік, әділдік, шыдамдылық секілді адами құндылықтарды басты орынға қойса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]