2022 жылғы қараша айының 29 күні, Семей медицина университетінің мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD Жуманбаева Ж.М. кафедраның жылдық жоспарына сәйкес жас педагог мектебінің тыңдаушыларына «Медициналық ЖОО-да оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Семинар сабақтың мақсаты – жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін медициналық университетте оқытудың заманауи белсенді әдістерін қолдану тәжірибесін жинақтау. Жас педагог мектебінің мақсатты аудиториясын кафедраның жас оқытушылары мен ассистенттері құрады.
Студенттерді оқыту процесіндегі интерактивті әдістер дәстүрлі білім беру формасына үлкен сынақ болып табылады. Медициналық университетте дәстүрлі оқытуды электронды әдістермен толық ауыстыру мүмкін емес, өйткені белсенді әдістерді енгізу қазіргі заманғы маманның құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, әлемдік деңгейдегі ғылыми-практикалық жетістіктерге қол жеткізу үшін кеңейтілген мүмкіндіктер жасайды, жеке дамуға және кәсіби біліктілікті арттыруға ықпал етеді.
Семинар барысында тыңдаушылар өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті және сұрақтарына жауап алды. Мақсатты аудиториялар оқу процесіне белсенді қатысты.
ШМП төрайымы М.Д. Жорокпаева
Хатшы Н.М. Абешова