2022 жылдың 3 желтоқсан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ базасында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Өз баяндамасында ол Министрліктің жауапты салалардағы жұмысы туралы және тұтастай алғанда Абай облысы бойынша одан әрі даму перспективалары туралы сөз қозғады.
Өз сөзінің соңында С. Брекешев кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында, ведомство басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.