“СМУ” КеАҚ жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасында оқу жоспарына сәйкес білім алушылардағы сабақтардың практикалық бөлігі Семей қаласының инфекциялық бөлімінің амбулаториялық және стационарлық мекемелерінде өткізіледі. 28-29.11.2022 ж. ЖТД интерндері 603 топ Семей қаласындағы Физкультурная көшесі 4 адресі бойынша №3 КДП базасында жұмыс істейтін жұқпалы аурулар кабинетінде (КИЗ) оқудан өтті. Жұқпалы аурулар кабинетінде доцент Смаил Е. М. қабылдау жүргізеді және оған ЖТД интерндері белсенді қатысты. Интерндер амбулаториялық деңгейде жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша құзыреттерді меңгереді. Жұқпалы аурулар кабинетінде білім алушылар аса қауіпті жұқпалы ауруға (оба, тырысқақ, конго-кырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы) күдікті науқас анықталған кезде обаға қарсы костюм қолдану бойынша тренингтен өтеді. Covid-19 пациенті анықталған кезде жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қолдана отырып іс-қимыл алгоритмі жеке пысықталады.
Смаил Е. М.