2022 жылдың 22 қарашасында біздің университеттің 3-ші жатақханасының дәріс залында радиология кафедрасының ұйымдастыруымен “Радиология” бойынша «Стоматология» мамандығының 4 курс студенттері арасында олимпиада өтті.
Олимпиада мақсаты:«Сәулелі диагностика стоматологияда» пәнін олимпиада түрінде өткізе отырып, студенттерді радиологияның маңызын, қызметін білуге үйрету. Олимпиада кезінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Олимпиада арқылы студенттердің білімділік, дамытушылық және көрнекіліктер қабілеттерін нығайтуға тырысты.
Олимпиадаға «Стоматология» мамандығының 4 курс студенттері жәнеде “ҚМУ” КеАҚ мобильді ауысыммен келген студенттер қатысты.
Олимпиадамыздың әділқазылары радиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, асс. профессор Мадиева Мадина Рашидовна, радиология кафедрасының оқу ісіне жауапты, м.ғ.к. Куанышева Анаргуль Галымовна, кафедра доценті Раисов Данияр Толегенович, кафедра ассистенті Алмисаев Кайрат Адильбекович, Культуманова Нургуль Маратовна болды. Олимпиада тапсырмаларын дайындауға радиология кафедрасының 1-2 курс резиденттері белсенді қатысты және олимпиаданы өткізді.
Олимпиадамыздың ережесі бойынша барлық қатысушыларымыздың алдыларына берілген жәшіктен бір карта таңдап алды.
Жалпы олимпиада 3 кезеңнен тұрды: 1 кезең «Kahoot»: барлық ойыншы KAHOOT бағдарламасы арқылы тестілеуден өтті; 2 кезең «Эстафета»: Эстафета түрінде өтті, 6 сұрақтан құрылды. Топтағы карточкаларында 2 кезең белгілері бар студенттер, көрсетілген ретті сұрақ саны бойынша кезекте сұрақтарға жауаптарын жазды. 3 кезең «ОҚТЕ»: ОҚТЕ түрінде өтті. 10 станция берілді, карточкаларында 3 кезең белгілері бар студенттер, көрсетілген реттік станциясынан бастап, 10 станцияны айналып рентген түсірілімдерге жауап жазып шықты, әр станцияға 2 минут уақыт берілді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша “Стоматология” мамандығының 4-курс студенттері: 1-орынға 3-топ мүшелері ие болды: Смагулов Адиль, Акчабаров Мирас, Хасенов Абылай, Омурзаков Азат, Ануар Айнур, Сайлаубай Елжас, Тусупорва, Еркеназ Қанатбай, Аслан Нургалиев Айбек. Пәндік олимпиада жеңімпаздары дипломдар мен сертификаттарға ие болды. Қорытындылай келе, жүлдегерлерге радиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, асс. профессор Мадиева Мадина Рашидовна, радиология кафедрасының оқу ісіне жауапты, м.ғ.к. КуанышеваАнаргульГалымовна өз лебіздерін білдірді.
«Семей медицина университеті» КеАҚ радиология кафедрасы
2022 ж. 5 желтоқсан.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]








