Желтоқсанның бірінші жұлдызында «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының бастамасымен, 427 топ курсанттарына Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді ояту мақсатында «Бауыржан мұрасы-ұрпаққа ұран» тақырыбында презентация қорғалды. Курсанттар белсене қатысып, батыр жайлы білетін білімдерін ортаға салды.
Нұрбек Саденұлы халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мағлұматты толық бере отырып, оның ерлігін үлгі – өнеге тұтуға шақырды.
Әскери кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Ш. Орынбасаров