Желтоқсан айының 1-ші жұлдызында Елордалық оқушылар сарайында “Елбасы медалі” табыстың жеті бағыты – атты ұлттық мотивациалық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл жобаға 1796 жас қазақстандықтар қатысты. Олардың 82-сі алтын медальға ие болса, 452 қатысушы “күміс” медаль алды, ал 1262-сі “қола” медальға қол жеткізді. Қатысушылар оқу және еңбек жолында қажет болатын: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристтік саяхаттар және еңбек тәжірибиесі сияқты жеті бағыт бойынша қабілеттерін жетілдірді. Осы жобада, Абай облысының атынан қатысқан, Семей Медицина университетінің бірінші курс студенті Садүақасов Диас көптің ішінен озып шығып, “Елбасы Алтын медалі” иегері атанды! Диасты шын жүректен құттықтаймыз!