“Семей медицина университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының негізгі мақсатының бірі – кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылады. Осыған орай ағымдағы оқу жылының басында әскери кафедра оқытушысы Смаилов Нұрбек Саденұлының жетекшілігімен Семей қаласындағы ҰБТ-ға дайындық 125 high school мектебінің оқушыларына университетпен таныстыру жұмыстары жүргізілді.Мектеп оқушыларын университетпен таныстыруға 5 курс студенті қазіргі уақытта сол мектепте оқытушы қызметін атқаратын Алгазинова Аяжан Қайратқызы ұйымдастырып, алып келді.
Экскурсия аяқталғаннан соң болашақ талапкерлеріміз университетке түсу ережелерімен танысып, білім беру бағдарламалары туралы қажетті мәліметтерді ала отырып, университеттің оқытушылық құрамына өз ризашылықтарын білдірді.
Әскери кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Ш. Орынбасаров