05.12.2022 “Семей медицина университеті” КеАҚ мен Польша, Белосток қаласының жоғары медицина мектебі арасында онлайн форматта кездесу өтті, оған екі тараптың өкілдері қатысты. Кездесу барысында тараптар меморандумға қол қою туралы уағдаласты, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастық шеңберінде екі дипломдық бағдарламаларды, тағылымдамаларды, ғылыми басшылықты ұйымдастыру, білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығын іске асыру сияқты іс-шараларды талқылады.
Белосток қаласының жоғары Медицина мектебі келесі мамандықтар бойынша мамандар шығарады:
– Физиотерапия
– Косметология
– Мейірбике ісі
– Парамедицина
– Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (физиотерапия, гериатриялық көмек, қолданбалы косметология, медицинадағы косметология, Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент, физиотерапия элементтерімен денсаулықты қалпына келтірудің биологиялық әдістері, педиатрия, фитотерапия).
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың нақты мақсаттары мен бағыттары айқындалды.
“СМУ” КеАҚ медицина жоғары мектебімен қалыптасқан достық қарым-қатынастарды сақтауға және дамытуға үміттенеді.