Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының магистранты (бейіндік бағыт) Есбергенова Алина, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті» пәнін оқыды. Бұл пән өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін қауіптерді бағалау мен басқаруды жүйелі анықтау негізінде студенттердің тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару саласындағы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Циклдің бірқатар тақырыптарын оқығанда, соның ішінде “Пестицидтермен тамақ өнімдерінің ластану проблемасы”, “Тағам өнімдерінің экологиялық-гигиеналық қауіпсіздігі”, магистрант Эразмус+ қаржыландыруымен сатып алынған Greentest ECO 4F және Greentestmini тестерлерінің көмегімен нитраттардың құрамын өлшеу және жаңа піскен көкөністер мен жемістердің радиациялық фонын анықтау бойынша практикалық дағдыны игерді. Бұл сынауыштар экологиялық жағдайды бақылау үшін, соның ішінде тағам өнімдеріндегі нитраттардың деңгейін, сондай-ақ судың кермектігін және радиацияның фонын анықтау үшін қолданылады.
Эразмус+ «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану-Harmonee» жобасының аясында сатып алынған құрал-жабдықтар магистранттардың оқу процесінің қажетті практикалық компоненттерін меңгеруіне ықпал етеді.
Бұл жарияланымның мазмұны тек автордың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді».
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті Токешева Ш. М., оқытушы Бейсенгазина М. Б.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]



