«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әскери кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының бастамасымен 2022 жылдың 7 желтоқсанында 427 топта 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгіні» атты семинар сабак өтті. Іс-шараның мақсаты- жастарды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту, болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын, Отанды қастерлеуді, туган өлкеге деген сүйіспеншілікті дамыту.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының, ата-бабамыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтанда бойымыздағы патриоттық сезім шынайы болып, туған елімізді, жерімізді, тәуелсіздігімізді сақтауға абыроймен ат салысу – біздің азаматтық борышымыз. Бірлігі бекем, ынтымағы берік еліміздің асар асуы, шығар биігі көп болғай!
427 топ студенттері