2022 жылдың 8 желтоқсанында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректоры, м.ғ.д., профессор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы университеттің 2022 жылы қызметінің қорытындысын жұртшылыққа, студенттер қауымына, университет қызметкерлері мен БАҚ өкілдеріне таныстырды. Кездесу барысында университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және клиникалық, тәрбие қызметі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласындағы бір жылдық жұмысының қорытындылары жарияланды.
Университет ректоры жұртшылықтың назарын ең маңызды табыстар мен жетістіктерге аударды, мысалы, ағымдағы оқу жылында Мәскеу психоанализ институтымен бірлесе отырып, MBA (Іскерлік басқару магистрі) – Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент, жаңа 2 дипломдық білім беру бағдарламасы әзірленді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ресейдің Н. И. Пирогов атындағы ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университетімен (Мәскеу қ.), сондай-ақ Қазан мемлекеттік медицина университетімен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Биылғы жылы мақсатты белсенді профориентациялық бағдар берудің арқасында өткен жылмен салыстырғанда студенттерді қабылдауды 37,6 пайызға артты, резидентураға қабылдау сәйкесінше 12,9%-ға өсті.
10 ай ішінде 53 мақала шығардық, оның ішінде 25 мақала 1 және 2 кварталда, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының орташа Хирш индексі 0,52-ге дейін өсті.
Мемлекет басшысының қолдауымен ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Семей қаласында жаңа университеттік аурухананың құрылысын «Дені сау ұлт» ұлттық жобасына енгізу ұсынылды. Алғаш рет 2022 жылы ғылым, тәжірибе және білімнің үш тұғырлығы негізінде университеттің ПОҚ және ПӘБ қызметінің негізгі көрсеткіштерінің жүйесі туралы ереже әзірленді.
Алтай Ахметқалиұлы өз сөзін қорытындылай келе оқу орнында биылғы жылы жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижелерін де айта кетті, оның барысында жатақхана, асхана жағдайын жақсартуға, сондай-ақ білім алушылар және кафедралар үшін инфрақұрылымды жақсартуға баса назар аударылды.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар баяндамашыға сұрақтар қойып, білім сапасын арттыруға, ғылым мен медициналық тәжірибені дамытуға бағытталған өз тілектері мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алды.