Университетте 05-06.12.2022 ж Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Кайрханова Ынкар Окимхановна «Қоғамдық денсаулық», «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1,2,3,4 курс студенттерімен, «Стоматология», «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1,2,3,4,5 курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыс алдағы қысқы емтихан сессиясы мен студенттердің нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін аттестациялау сұрақтарына арналды. Кездесу барысында ҚДССФМІ мектебінің деканы Кайрханова Ы.О. студенттерді емтихан сессиясы алдында академиялық саясатпен, пән саясатымен, ішкі тәртіп ережелерімен, мінез-құлық нормаларымен қайта таныстырды. Декан орынбасарлары Нургалиева Г.Т. және Шуақбаева Ж.Р. алдағы емтихан сессиясына дейін барлық өткізілген сабақтарды өтеу қажеттігі туралы айтты. Сонымен қатар, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу