9 желтоқсан – Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Айта кетейік, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшетіндігі көрсетілген. Стратегиялық құжат халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың,…