№6 Емханада өткен ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша семинар

№6 Емханада өткен ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша семинар

2022 жылдың 24 қарашасында №6 Емханада «Тұмау және ЖРВИ: МСАК сатысындағы диагностика және емдеу» тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Спикерлер ретінде қазіргі уақытта “жұқпалы аурулар” циклінде оқитын ЖПД 603 тобының интерндері сөз сөйледі. Дәріскерлер әлемде, ҚР-да және Абай облысында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндап, адамдардың тұмауға бейімділігі абсолютті екенін атап өтті. Клиника, ЖРВИ мен тұмауды диагностикалау және алдын алу, қауіп тобындағы адамдарда осы инфекциялардың ағымының ерекшеліктері туралы айтылды. Семинар соңында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға баса назар аударылды және алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация болып табылады.

Смаил Е. М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір