«Семей медицина университеті» КеАҚ ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.Қ. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен 15.11.2022-12.12.2022 аралығында «Жалпы медицина» мамандығы 1 курсының 69 студентіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Тұқым қуалаушылық және тіндер» біріктірілген пәні бойынша молекулалық биология, жалпы және медициналық генетика бойынша онлайн дәрістер оқылды.
РФ Денсаулық сақтау министрлігінің академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетінің биология кафедрасының келесі оқытушылары «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша дәріс оқыды:
- Баковецкая О.В., биология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, РФ ДСМ «Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беруші жоғары оқу орны
- Калыгина Т.А., биология кафедрасының доценті
- Бабкина Н.Г., биология кафедрасының доценті
- Камаева С.А., биология кафедрасының аға оқытушысы
- Меркулова М.А., биология кафедрасының доценті
Онлайн-дәрістер келесі тақарыптар бойынша оқылды:
- Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері. Хромосомалар. Тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асуы – ақуыздар транскрипциясы, трансляциясы, трансляциядан кейінгі модификациясы.
- Моногибридті және дигибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары. Гендердің өзара әрекеттесуі.
- Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік (модификациялар, мутациялар).
- Хромосомалық аурулар. Тұқым қуалайтын аурулардың ерте көріністері.
- Гендік аурулар және оларды диагностикалау әдістері
«Семей медицина университеті» КеАҚ ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.Қ. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымы Рязань мемлекеттік медицина университетіндегі әріптестеріне үлкен алғысын білдіреді, әрі бірлескен ынтымақтастықты күтеді. Сонымен қатар кафедра ұжымы РФ ДСМ «Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беруші жоғары оқу орны биология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Баковецкая Ольга Викторовнаға қызықты, мазмұнды, қосымша ақпараттарға толы дәрістері мен құзыреттілігі, кәсібилігі, адамгершілігі мен тұрақты түрде кері байланыста болғаны және РФ ДСМ «Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университеті» биология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына зерделілігі, кәсібилігі, ынтымақтастыққа ұмтылысы, ашықтығы, тамаша қарым-қатынас дағдылары, оң көңілдері мен қолдауы үшін үлкен алғыс білдіреді.
Оқылған дәрістер студенттерге болашақ дәрігер ретінде қалыптасу үшін молекулалық биология және медициналық генетика пәні бойынша білімнің берік негізін қалады. Әріптес университеттер одан әрі де бірлесіп жемісті еңбек етуге үміт білдірді.
Ибраева Г.Р., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.Қ. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы