«Егемендік күні – тарихи қадам»

«Егемендік күні – тарихи қадам»

12 жетоқсан күні Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия мен медициналық реабилитология кафедрасында «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне» арналған кафедра ассистенттері Иманмадиева Д.М. және Капанова А.А. ұйымдастыруымен «Егемендік күні – тарихи қадам» тақырыбында іс-шара өтті. Жүргізушілер Мұратова Азиза мен Төлеуова Динаның кіріспе сөзінен кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.Іс-шара ашылуы кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р.-ның алғы сөзімен басталды: «Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздік бізге оңай келмеді! Біз әрқашан тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-әпкелерімізді жадымызда сақтаумыз қажет! Тәуелсіздік күні бір жағынан «Еске алу күні» болса, екінші жағынан жастар үшін, болашақ ұрпақ үшін Мереке күні боп есептеледі!».

Іс-шара барысында тәуелсіздік тарихын дәріптеу мақсатында арнайы дайындаған деректі фильм көрсетіліп, Шора Олеся қазақ тілінде «Тәуелсіздік» өлеңін оқыды. Кеш соңында білім алушылармен Тәуелсіздік тақырыбында викторина жүргізілді.

Кештің түйіндемесі 706 топ білім алушысы Уалиева Аиданың ақын Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңімен тәмамдап, білім алушыларға ерекше әсер қалдырды.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне арналған мереке аясында клиникалық тәлімгер Д.О. Ахметжанованың жетекшілігімен педиатрлардың 101 тобының резиденттері қайырымдылық мақсатында Венера клиникасында стационарлық емдеуде жүрген аз қамтылған отбасына көмек көрсетті.

Қорытындылай келе, аталмыш іс-шаралар жастар арасында, білім алушылар арасында патриоттық рухты ояту, тәрбие беру, отансүйгіштік қасиеттерін ояндыруда үлес қосады деген сенімдеміз!

 

 

Тәрбие жұмысы бойынша жауапты кафедра асистенті А. А. Қапанова