Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күні – еліміздің бас ұлттық мейрам болып табылады. Бұл мейрам жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтіледі.

«Қазақстанның Тәуелсіздік күнін» өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.

Мереке қарсаңында КеАҚ «Семей медицина университетінің» ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Берсимбекова Г.Б. 4226 топ «Жалпы медицина» студенттерімен дөңгелек үстел өткізді. Студент Оспанғалиев Ернар қызықты мәлімдеме дайындап, іс-шара барысында Қазақстан Республикасының дамуының жаңа жоспарлары, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің халыққа жолдауы талқыланды. Студенттер пікірталасқа қызығушылықпен қатысты, Республикамыздың, оның ішінде медицинамыздың одан әрі дамуына арналған жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы – жас тәуелсіз мемлекет. Дегенмен, осы кезеңде елімізде елеулі ауқымды мемлекеттік қайта құрулар болды. 120-дан астам мемлекет Қазақстанды ресми түрде мойындап, дипломатиялық қатынас орнатқан. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын! Еліміздің одан әрі өркендеуіне тілектеспіз!

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Берсимбекова Г.Б.

Жарияланды: