Менің елім – Қазақстан

Менің елім – Қазақстан

«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының бастамасымен 4427 топта 2022 жылдың

8желтоқсан күні студенттердің патриоттық сезімін нығайту мақсатында “Жаңа Қазақстандық патриотизм” атты семинар сабақ өтті.

Қазақстандық патриотизмнің негізі — ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсаты, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.

Студенттер мен Нұрбек Саденұлының тақырыпты ашық талқылауымен сабақ нәтижелі аяқталды.

4427 топ студенттері

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір