«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні» кураторлық сағаты

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні» кураторлық сағаты

12.12. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5108 ОМ тобының студенттерімен психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А.А. жетекшілігімен іс-шара өткізілді.

Семей медицина университетінің 5108 тобының кураторы Алмагамбетова А.А. 5 курс студенттеріне өз сөзінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы “Қазақстан Республикасының конституциялық заңы қабылданғанын атап өтті. Қазақстанның Тәуелсіздік күні экономикалық салаларды түбегейлі реформалау болғанын ұмытпауға көмектеседі, соның арқасында қазіргі елдің нарықтық экономикасы дамып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ұлттық мемлекеттіліктің өзіндік бірегей моделін құрды. Бұл модельдің негізгі құндылықтары-патриотизм, этносаралық бейбітшілік пен келісім, ұлттық бірлік.

5108 тобының старостасы Ақбота Жанай студенттер назарына Қазақстанның қандай жолдан өткені, қандай қиындықтарды еңсеріп, қандай шыңдарға жеткені туралы толыққанды мағлұмат беретін презентация ұсынды. Ең бастысы, елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін әрқашан білу, себебі біз осы елдің- халқымыз.

5 курс студенттері қызықты ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады, белсенді түрде пікірталасқа түсті, сұрақтар қойды, жаңа білім алды.

Жарияланды: