«Тірі кітапхана» жобасы аясында м.ғ.д., профессор Мейірбек Жақсыбекұлы Аймағамбетовпен кездесу өтті.

«Тірі кітапхана» жобасы аясында м.ғ.д., профессор Мейірбек Жақсыбекұлы Аймағамбетовпен кездесу өтті.

Студенттерді белгілі бір кәсіби және жеке жетістіктері бар табысты дәрігерлердің тәжірибесімен таныстыру оларға медициналық жұмыстың қыр-сырын меңгеруге, өз ұмтылыстарын жүзеге асыруға, оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылдың 13 желтоқсанында «Тірі кітапхана» жобасы аясында университеттің БКЗ-да госпитальдық хирургия, анестезиология және реанимация кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Мейірбек Жақсыбекұлы Аймағамбетовпен кездесу өтті.

Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлы 2013 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін госпитальдық хирургия, анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі. 2021 жылы «Медицина» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 245 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, асқазан және ұлтабар хирургиясы бойынша 1 атластың, 2 оқу-әдістемелік құралының, 1 әдістемелік нұсқаудың, хирургия бойынша 3 практикумның, 27 өнертабыстың және 7 авторлық куәліктің, сондай-ақ 29 рационализаторлық ұсыныстың авторы және бірлескен авторы. 6 медицина ғылымының магистрі мен 3 PhD докторын дайындады. 4 докторлық диссертацияның жетекшісі.

Мейірбек Жақсыбекұлы студенттердің көптеген сұрақтарына қуана жауап берді. Медициналық тәжірибесінен және өмірінен мысалдар келтірді. Дәрігермен кездесу студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, мазмұнды және ынталандырушы сұхбаты үшін алғыс сөздер айтылды.

Біздің қасымызда көрнекті де лайықты адамдар өмір сүріп, еңбек етіп, өскелең жас мамандарды үлгі-өнегесімен шабыттандырады. Мейрамбек Жақсыбекұлына зор денсаулық, рухы биік, жігерлі жарқын тұлға болып, әлі талай лайықты шәкірттер өсіруді тілейміз!

Жарияланды: