Жүрек-қан тамырлар хирургиясы бойынша пәндік олимпиада

Жүрек-қан тамырлар хирургиясы бойынша пәндік олимпиада

2022 жылғы 13 желтоқсан Буланов Б.С. атындағы жүрек-қан тамырлар және кеуде қуысы хирургиясы кафедрасының базасында жалпы медицина мамандығының 4 курс студенттері арасында жүрек-қан тамырлар хирургиясы бойынша пәндік олимпиада өтті. 4 курс студенттері арасындағы олимпиада студенттерге, алған білімдерін тиянақтап, тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар: оқытушылар құрамы және ангиохирургия бөліміндегі резиденттер.

Құттықтау сөзді Буланов Б.С атындағы жүрек-қан тамырлар және кеуде қуысы хирургиясы кафедрасының меңгерушісінің орынбасары   қазылар алқасының төрағасы Иманбаев М.Н.

Олимпиада 2 турда өтті:

1 тур – Ситуациялық тапсырма – кейс.

2 тур – Практикалық дағдылар

Қазылар алқасы әр қатысушыны 100 баллдық жүйе бойынша бағалады. Олимпиада жеңімпаздары 1,2,3 орындарға дипломдармен марапатталды.

1 орын – Канонова Әлия (4119 ЖМ)

2 орын – Омарова Зарина (4119 ЖМ)

3 орын – Әбдібай Алмас (4117 ЖМ)

Қатысушыларды құттықтаймыз және кәсіби шыңдалуларыңызға тілектеспіз!

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар