Академиялық ұтқырлық – оқу үдерісінің сапасын арттыру құралы

Академиялық ұтқырлық – оқу үдерісінің сапасын арттыру құралы

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Рязань мемлекеттік медицина университетімен ынтымақтастық аясында ішкі аурулар және ревматология кафедрасы жалпы медицина мамандығының 4 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлық жүзеге асырылды.

Профессор В.Я. Гармаш атындағы факультеттік терапия кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Лазарева Оксана Юрьевна сабақ жүргізүге шақырылды. «Тірек-қимыл жүйесі аурулары» клеркшипінің «Ревматология» модулінің тақырыптық жоспары Семей медицина университеті КеАҚ-ның ішкі аурулар және ревматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Қасқабаева Алида Шарипқызымен келісілді.

Сабақ 02.12.22-13.12.22 аралығында жалғасып, қорытынды тестілеумен аяқталды. Емтиханда студенттер жақсы нәтиже көрсетті.

Студенттердің кері байланысы сабақтардың форматына және берілген материалдың мазмұнына қанағаттанғанын көрсетті. Студенттер академиялық ұтқырлық тәжірибесін қолдануды жалғастыруға ниет білдіріп, лектор мен ұйымдастырушыларға қызықты әрі мазмұнды цикл үшін алғыстарын білдірді.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі