Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

14-ші желтоқсан күні «Жалпы дәрігерлік тәжірибе » кафедрасында тәуелсіздікке арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында жалпы медицина мамандығының 5 курс 5430 топ студенттерінің ұйымдастыруымен  іс-шара өтті. Жүргізушілердің кіріспе сөзінен кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Шараның ашылуы медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазымов Мақсұт Советұлының кіріспе құттықтау сөзімен басталды.

Шара барысында Тәуелсіздігіміздің тарихы еске алынып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тілектер жазылған бейнеролик көрсетіліп, 5430 тобының орындауында әндер шырқалып, флешмоб көрсетілді . 5428 группа студенттері атынан ұлттық би номері орындалды. Шара барысында елімізге деген мақтаныш пен патриоттық сезім тағы да оянды. Қорытынды сөз PhD докторы, доцент Шалгумбаева Гулнар Металловнаға беріліп, ол өз кезегінде студенттерге жылы лебізін білдіріп, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Тәуелсіздік алғанға дейінгі өткен тарихымызды еске алсақ, Кеңестер елінің тұсындағы сол қиындықтарды ұмытқан жоқпыз. Ержүрек, елінің жарқын болашағына ұмтылған жастар теңдікті талап етті, ана тілі мен мәдениетін қорғауға үн қосты. Сондықтан бүгін біз өз Отанының нағыз патриоты болғандарды, бостандық пен тәуелсіздік үшін жанын аямағандарды еске аламыз.