“Еліміздің болашағы біздің қолымызда” тақырыбындағы кураторлық сағат

“Еліміздің болашағы біздің қолымызда” тақырыбындағы кураторлық сағат

9.12.2022 ж. “МУС” КеАҚ Өскемен филиалында 629 ЖДТ тобында “Еліміздің болашағы біздің қолымызда”тақырыбында кураторлық сағат өтті. Студенттер топ кураторы-ЖДТ кафедрасының ассистенті Ю. Г. Поповичпен бірге еліміздің дамуындағы жастардың рөлін талқылады, Қазақстанның одан әрі өркендеуі үшін патриоттық тәрбиенің рөлі атап өтілді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Адамдар” жастар қозғалысының белсенділерімен кездесуде сөйлеген сөзінде жастардың толерантты және озық қоғам құрылысына қатысу, қоғамдық өмірге белсенді қатысу және әділ Қазақстанның құрылысы жолында елді терең жаңғырту қажеттілігі атап өтілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар