Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

Егемендік алу – кез келген мемлекет үшін ең маңызды қадам. Қазақстан үшін бұл тарихи оқиға мемлекеттік тәуелсіздік жарияланған 1991 жылғы 16 желтоқсанмен мәңгілік байланысты. Содан бері республикамызда 16 желтоқсан бүкіл ел үшін және әрбір қазақстандық үшін мемлекеттік мереке болып табылады.

Осы оқиғаға байланысты жалпы медицина факультетінің 5 курс 5320, 5319, 5335 топ студенттері жұқпалы аурулар кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздіктің бастауы». Іс-шараға барлық оқу топтарының студенттері, соның ішінде интерндер мен жұқпалы аурулар бойынша циклден өткен резиденттер қатысты.

Шара барысында қатысушылар бір минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу хроникасы мен оқиғалардың бейнебаян көрсетілді. Студенттер 1986 жылғы оқиғадан кейінгі Қайрат Рысқұлбековтің соты болған жерді де көрсетті. Шара музыкалық сүйемелдеумен өтті, студент Ыдырышева Еркежан домбырамен «Адай» күйін орындаса, Сыбанбаева Дана қобызда «Желсіз түнде жарық ай» әнін сүйемелдеумен студенттер тобының орындауында (Асылтаев Ерасыл, Төлегенов Мансұр, Ұғыш Мадияр).

Қорытындылай келе, барлығы бірге «Атамекен» әнін орындады.

Шара соңында доцент Г.И. Нұралинова қорытынды сөз сөйлеп, еліміздің тәуелсіздікке ұмтылып, ұзақ жолдан өткенін атап өтті. Бұл жолда жеңістер де, жеңілістер де болды. Көптеген тарихи оқиғалар орын алды. 1986 жылғы Желтоқсан күндері республикамыздың тарихында, сондай-ақ әрқайсымыздың жүрегімізде үлкен із қалдырды және мұны есте сақтау – әрбір қазақстандықтың патриоттық парызы. Ал осындай қиын жолдың ең маңызды нәтижесі – бүгінде барша жұртшылық бейбіт өмір сүретін көпұлтты мемлекет ретінде білетін, одан әрі дамуы мен өркендеуіне сеніммен ұмтылған Тәуелсіз Қазақстан.

Жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасы

Жарияланды: