“СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының базасында “Болашаққа қадам” олимпиадасы өткізілді

“СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының базасында “Болашаққа қадам” олимпиадасы өткізілді

2022 жылдың 7 желтоқсанында Өскемен қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедра ассистенті Жақсылықова А.Ж., Попович Ю.Г. және 735 топ интерндерінің жетекшілігімен «Болашаққа қадам» атты олимпиада өтті. Олимпиадаға 20 қатысушы қатысты. Қатысушылардың санына карамастан, барлығында бірдей мүмкіндік болды. Олимпиада 4 тур бойынша өтті. 1 тур – бакалавриат, 2 тур – интернатура, 3 тур – резидентура, ІV тур – докторантура, турлардың атауы медициналық мекеменің оқуын білдіреді. Әрбір кезеңде белгілі бір сан бойынша қатысушылар келесі турға өтті. Финалға шыққаннан кейін, жүлделі орындар жинақталған ұпай бойынша бөлінді:

1 орын – Рахманова Талшын интерн 733 топ;

2 орын – Дусупов Мади интерн 727 топ;

3 орын – Алашбеков Жәнібек интерн 740 тобы.

Декан орынбасары Аймухамбетов Е.Н және жалпы білім беру кафедрасының меңгерушісі Темірханова Р.Б қорытындылап, сөз сөйледі.

Олимпиада – өз қабілетіңізді сынаудың, біліміңізді көрсетудің және лайықты марапат алудың жақсы тәсілі.