Тәуелсіздік күніне және КеАҚ «Семей Медицина университетінің» 70-жылдық мерей тойына орай, кураторлық топтар арасында волейболдан турнир

Тәуелсіздік күніне және КеАҚ «Семей Медицина университетінің» 70-жылдық мерей тойына орай, кураторлық топтар арасында волейболдан турнир

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз деген ұстаныммен, 2022 ж. 14 желтоқсан күні, Семей медицина университетінің ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне және КеАҚ «Семей Медицина университетінің» 70-жылдық мерей тойына орай, кураторлық топтар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Өте тартысты өткен ойындар нәтижесі бойынша:

1-ші орынға 1104 топ «Жалпы медицина» мамандығының студенттері иеленді (кураторы Мусапирова Айжан Боромбековна)

2-ші орынға 1121 топ «Жалпы медицина» мамандығының студенттері иеленді (кураторы Елькенова Ботакоз Зейноллаевна)

3-ші орынға 1101 топ «Жалпы медицина» мамандығының студенттері иеленді (кураторы Есентаева Аяулым Маулитбековна).

Барлық қатысушыларға арнайы мақтау грамоталары және ақшалай сыйлықтар табысталды. Бұл шараға ат салысып қатысқан барша ұжымға және студенттерге алғысымызды білдіреміз.

                  ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және                                                  медициналық генетика кафедрасының оқытушысы                Есентаева Аяулым Маулитбековна

Жарияланды: