Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетімен «ішкі аурулар және ревматология» кафедрасы қызметкерлерінің академиялық ауысым оқуы

Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетімен «ішкі аурулар және ревматология» кафедрасы қызметкерлерінің академиялық ауысым оқуы

Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетімен ынтымақтастық аясында, 2022 жылдың 12-16 желтоқсан аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасы қызметкерлерінің ревматология секциясында академиялық оқуы басталды. Осы кезеңде онлайн режимінде Рязань мемлекеттік медицина университетінің клиникалық ординаторлары, терапевтері мен ревматологтары үшін ревматикалық ауруларды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері бойынша лекциялар топтамасы өткізілді. Дәріс берушілер: Иванова Райфа Латыфовна – медицина ғылымдарының докторы, профессор; Горемыкина Майя Валентиновна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Цикл тыңдаушыларды тестілеумен, сондай-ақ кері байланыс алмасумен аяқталды. Студенттер мен олардың тәлімгерлерінің кері байланыс арқылы ұсынылған дәріс материалының сапасына, өзектілігіне, анықтығына және түсінуге қолжетімділігіне қанағаттанғандығын көрсетті. Оқыту форматын кеңейте отырып, ревматология саласындағы оқытушылар мен студенттердің академиялық оқудың екіжақты ынтымақтастығын жалғастыруға және дамытуға өзара тілек білдірді.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

Жарияланды: