«СМУ» КеАҚ студенті – ТМД үздік студенті -2022!

«СМУ» КеАҚ студенті – ТМД үздік студенті -2022!

«Семей медицина университеті» КеАҚ «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Баяхметов Т.К. ғылымға қосқан үлесі үшін «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Халықаралық студенттер қауымдастығы (Қазақстан, Астана) ұйымдастырған халықаралық жоба аясында «Үздік студент-2022» медалімен және 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Т.Баяхметовтың мақаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің «Үздік студент-2022» халықаралық дарынды жастар энциклопедиясының 5-жинағында жарияланған. Темірхан оқу озаты, университеттің ғылыми шараларына және шетелдік ғылыми конференцияларға белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Белсенді жастарға көрсеткен қолдауы үшін ғылыми жетекшісі п.ғ.к., ЖББП кафедрасының доценті м.а. Мұсатаева И.С. алғыс хатпен марапатталды.

Баяхметов Темірханды және жетекшіні кезекті марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да жоғары ғылыми жетістіктер тілейміз!

Жарияланды: