Қымбатты түлектер, әріптестер, оқытушылар!
Университетіміздің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Семей медицина университетінің» музейі күрделі жөндеуден және экспозицияны қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, музейіне қойылатын экспонаттарға: сіздің кафедраларыңызда немесе жеке мұрағатыңызда фотоқұжаттар, естелік немесе тарихи маңызы бар құнды жәдігерлер, түлектер, алғашқы ұстаздар, университетіміздің мақтанышына айналған тұлғалар туралы материалдар болса, [email protected] электронды почтасына 2023жылдың 20-ақпанына дейін жіберулеріңізді өтінеміз.
P.S. Құнды құжаттар мен заттар қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылданады. Фотоқұжаттарды электронды нұсқаға аударғанан кейін иесіне қайтарамыз.
Сіздермен шығармашылық бірлестікте жұмыс жасауға әзірміз!