«Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы!»

«Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы!»

2022 жылғы 15 желтоқсанда “СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының базасында ЖДТ кафедрасының ассистенті М.Қ. Жунусова 626 ЖДТ кураторлық тобымен Тәуелсіздік күніне арналған « Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы!» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіздігіміздің 31 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!