“Отбасылық медицина” пәні бойынша бірінші оқу жылының резиденті Толеугазинова Ақбота Айткалиевна академиялық мобильдік бойынша СМУ КеАҚ жүргізетін саясатқа сәйкес Атырау облысында, Жылыой ауданында, Құлсары қаласында 2022 жылғы 21 қыркүйек пен 31 қазан аралығында, “Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы” ҚБ өз мамандарының күшімен, Қазақстанда отбасылық медицина мамандығын дамыту және нығайту мақсатында іріктеуден өтіп, Атырау облысының ауылдық жерлеріндегі, өздерінің пилоттық МСАК ұйымдарының базасында жас дәрігерлерді жұмыс орнында жеке тәжірибелік оқытуын өткізді. СМУ КеАҚ “Отбасылық медицина” пәні бойынша 1 және 2 жыл оқыған резиденттер арасында іріктеу және сұхбат өткізілді. Оқу барысында дәрігерлермен бірге ҚОДҚ пациенттерге медициналық көмек көрсетті, қан қысымы мен қандағы қантты өлшеу акциялары кезінде пациенттерге қан қысымын дұрыс өлшеуді үйретті, АГ және ҚД алдын алу жолдары бойынша кеңестер берді. Дәрігерлер мен медбикелерге апта сайын “ӨСБА отбасылық дәрігер тәжірибесінде”,”Қай кезде антибиотиктер қажет?”, “Никотинді алмастыру терапиясы”, “Отбасылық дәрігердің тәжірибесіндегі Предиабет”, ” Гипертензияға қарсы препараттар”, “Гипертензияға қарсы препараттардың тұрақты комбинациясы”, “Отбасылық дәрігердің тәжірибесіндегі жөтел синдромы”, “Спирометрия” тақырыптарына оқулар өткізілді. “ZERTE” бағдарламасы бойынша Құлсары қаласындағы мектептер арасында ” Қолды қалай дұрыс жуу керек?”, “Қалай түшкіруге және жөтелуге болады?”, “Көкөністер мен жемістердегі дәрумендер”, “Ауыз судың пайдасы”, ” Мен өскенде кім болғым келеді?» деген тақырыптарға іс-шаралар өткізілді. 2022 жылғы 24-25 қарашада Алматыда өткен Қазақстанның отбасылық дәрігерлерінің V съезіне қатысып, жеке жастар секциясында академиялық мобильдік нәтижелері бойынша баяндама жасадым. Бұл секцияға Орталық Азия елдерінің резиденттері/клиникалық ординаторлары, сондай-ақ Wonca Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер ұйымының жастар қанатының өкілдері қатысты.
Осы тағылымдамадан өту арқылы, үлкен тәжірибе жинадым.Мен коммуникативті, командада жұмыс жасау және ауыр науқастармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірдім. Дәлелді медицинаға сүйене отырып, емделушілерге өмір салтын өзгертуге көмектесуді емдеуді тиімді коррекциялауды үйрендім. Жүрек пен өкпенің аускультациясы, іш қуысы мен қан тамырларының пальпациясы, ішкі ағзалардың перкуссиясы сияқты практикалық дағдыларын жетілдірді